2025 жылы 28 мамырда Jusan Bank атауын өзгертетінін ресми түрде жариялады. Банк баспасөз қызметі ендігіден бастап өздерінің "Alatau City Bank"АҚ деп аталатынын нақтылайды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
"First Heartland Jusan Bank" АҚ өз атауын "Alatau City Bank" АҚ деп өзгертеді. Банктің Жарғысына 2025 жылдың 15 мамырында акционерлердің жылдық жалпы жиналысының шешімімен тиісті өзгерістер енгізілді", - делінген ресми хабарламада.
"Ребрендинг банктің стратегиясының, амбициясы мен қаржы институтын одан әрі дамытуға басымдық беретінінің көрінісі болып табылады", - дейді баспасөз қызметі.
Банктің өзгертілген заңды атауы мемлекеттік қайта тіркеуден өткен күннен бастап өз күшіне енетіні де нақтыланады.
Ал жаңа атаудағы банк логотипі төмендегі сипатта болады:
Бұған дейін Jusan Bank-тің Қазақтелекомдағы өз үлесін қанша млрд теңгеге және кімге сатқаны белгілі болған.