– 2018 жылдың маусым айының соңында жеке тұлғаларға берілген несиелер бойынша (екінші деңгейлі банктерде, микроқаржы ұйымдарында, онлайн және т.б.) жалпы несие қарызы 5,6 трлн теңгені құрады, – делінген зерттеуде.
Бұл сома өткен аймен салыстырғанда 2,3% көбірек. Бөлшек қарыздардың жартысынан астамы – кепілсіз тұтынушылық несиелер. Олардың үлесі бір айда 51,3% -тен 51,7% -ке дейін өскен.
Маусым айында бөлшек несиелерді беру құрылымында онлайн-компаниялардың үлесі тек 2% құрады.
Бұл – биылғы жылдың ең төменгі көрсеткіші. 2018 жылдың алғашқы жартысындағы ең жоғары көрсеткіш наурыз айында (4,1%) байқалған.