Жұманғариннің кеңесшісі журналистке дөрекі қарым-қатынас жасады деп айыпталуда

Қаракөз Амантай 05 нау. 2025 17:11 1113

Вице-премьер – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің кеңесшісі Әлия Рахимова 4vlastinfo.kz басылымының журналисі Мәдина Жатқанбаеваға қоқан-лоқы көрсетіп, дөрекі қарым-қатынас жасады деп айыпталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

“Вице-премьердің баспасөз хатшысы 4vlastinfo.kz журналисі Мәдина Жатқанбаеваны итеріп жіберіп, оған қоқан-лоқы көрсетті. Оқиға бүгін мәжілісте өткен баспасөз конференциясынан кейін болды. Журналист вице-премьер Серік Жұманғаринге нақтылайтын сұрақтар қоюға тырысқан. Алайда вице-министрдің баспасөз хатшысы (кеңесшісі – КазТАГ) Әлия Рахимова өзін дөрекі ұстап, журналисті итеріп жіберіп, “барлық жерге шағымданамын” деп қорқытуға көшкен”, – деп жазды журналист Светлана Глушкова сәрсенбі күні әлеуметтік желідегі парақшасында.

Оның айтуынша, “операторға да түсіруге тыйым салынған”.

“Бұдан бөлек, Рахимова журналистке: “Мәжіліс сенімен айналысады” деп айтқан. Бұл сөзді қорқыту әрекеті ретінде бағалауға болады. Ал журналист Мәдина “Жатқанбаева: Мен жай ғана өз жұмысымды істедім, маңызды сұраққа жауап алғым келді. Бірақ қалыпты диалог орнына агрессия мен қоқан-лоқыға тап болдым” дейді. Мұндай жағдай алаңдаушылық тудырады, себебі мемлекеттік орган өкілдерінің мұндай әрекеті баспасөзге қысым көрсету ретінде қабылдануы мүмкін. Журналистке ұнамсыз сұрақ қойғаннан кейін осындай реакция болғаны түсінікті. Бірақ ақпарат министрлігі бұл оқиғаға жылдам жауап қатты, алайда журналистке қолдау көрсету тұрғысынан емес”, – деп қосты Глушкова.

КазТАГ бұл жағдайға байланысты мәдениет және ақпарат министрлігіне, сондай-ақ үкімет аппаратына сұраныс жолдады. Сонымен қатар, оқиғаға қатысты түсініктеме беруін сұрап, Әлия Рахимованың өзіне де жүгінді.

Қазіргі уақытта бұл мәселені Астана қаласындағы Қазақстан Журналистер одағының филиалы да бақылауда ұстап отыр.

Еске салайық, бұған дейін КазТАГ Exclusive басылымының Жұманғаринді ҚҚС (Қосылған құн салығы) тақырыбында жалған ақпарат таратты деп айыптағанын хабарлаған болатын. Кейіннен бұл қате мәліметке жауапкершілікті Әлия Рахимова өз мойнына алған еді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар