Жылдың тартысы: Ninety One vs Ринат Зайытов

Dalanews 30 желт. 2016 10:03 300

Атышулы 91 тобы мен ақын Ринат Зайытовтың арасындағы айтыс-тартыс былтырғы жылдың аяғында басталған-тұғын. Биылғы жылы ерекше күшейді. Жастардың киім-киісі мен жүріс-тұрысына қатысты сын айтқан Ринаттың сөзінен кейін күллі халық Ninety One-нің жауына айналып шыға келді.


Тіпті, топты танымайтын, оның шығармашылығымен таныс емес аға-апалардың өзі алаңға шығып кетті. «91 тобы қаламызға келсе, көресіні көрсетеміз» десті олар. Ринат Зайытовтың сындарынан кейін топтағы жігіттер көгілдірге айналып шыға келеді. Жұрт Қазақстанның барлық бақытсыздықтары мен сәтсіздіктерін осы жігіттерден көрді.


Осы топты құрған Ерболат Беделхан да талай сөзге қалды. Тіпті Дәулет Тұрлыхановтың өзі ұрсып тастады оған. Сонда да болса, бұл жігіттер алған бағыттарынан жаңылар емес.


«Қазақ тілін музыканың көмегімен трендке айналдырамын» деген Ерболат Ринаттың уытты сөздерінен қорықпайтын сияқты. Ал Ninety One жазған әрбір ән ертесіне хитке айналып жатыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар