Жыл соңына дейін Түркістан облыс тұрғындарының 78%-ы газбен қамтылады

Dalanews 03 қаз. 2023 11:40 848

Биыл Түркістан облысында 57 елді мекенге газ құбыры тартылады. Жыл соңына дейін 68 нысанның құрылысы аяқталып, 122 мың абонент көгілдір отынға қосылады. Жыл соңына дейін облыс тұрғындарының 78%-н газбен қамту жоспарланған, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазіргі таңда облыста 103 нысанның құрылысы жүріп жатыр. Қалған 35-і келер жылға өтпелі.

Сонымен қатар, бүгінде құрылысы жүргізіліп, бірақ іске қосылмай тұрған газ құбырлары мен газ таратушы станцияларын қайта іске қосу жұмыстары қоса атқарылып жатыр.

Жалпы Түркістан облысында 1,5 миллионнан астам халық табиғи газбен қамтылған. Яғни өңірдегі 833 елді мекеннің 465-і көгілдір отынға қосылған.

Алдағы 3 жылда 200 елді мекенді табиғи газға қосып, облысты газбен қамту деңгейін 87%-ға жеткізу көзделіп отыр.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар