Жыл басынан бері мыңнан астам этникалық қазақ отанына оралды

Қаракөз Амантай 24 ақп. 2025 13:37 519

2025 жылдың басынан бері 1 070 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ал 1991 жылдан бастап Қазақстанға 1 миллион 149 мыңнан астам этникалық қазақ қоныс аударғанын.

Жыл басынан бері келген қандастардың көпшілігі Қытайдан (51,9%), Өзбекстаннан (37,5%), Түрікменстаннан (7,1%), Ресейден (1,8%) және басқа елдерден (1,7%) көшіп келген.

2025 жылдың 1 ақпанындағы мәліметтерге сәйкес, этникалық қазақтардың 60,2%-ы еңбекке қабілетті жаста болса, 32,9%-ы – кәмелетке толмағандар, ал 6,8%-ы – зейнеткерлер.

Жаңадан қоныс аударған қандастардың ішінде жоғары білімі барлар – 16,7%, орта кәсіби білімділер – 32,9%, жалпы орта білім алғандар – 48,4%, ал 1,9%-ында білім жоқ.

Қандастарды қоныстандыру үшін төмендегі еңбек күші тапшы өңірлер белгіленді:

• Ақмола

• Абай

• Атырау

• Қостанай

• Павлодар

• Шығыс Қазақстан

• Батыс Қазақстан

• Солтүстік Қазақстан облыстары.

2025 жылы осы өңірлерге қандастарды қабылдау квотасы 2 309 адамды құрайды. Ал 1 ақпанға дейін бұл аймақтарға 171 қандас қоныс аударды.

Қоныс аударған қандастар үшін мемлекет тарапынан мынадай қолдау шаралары қарастырылған:

• Көшуге арналған субсидия: отағасы мен отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (275,2 мың теңге);

• Тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге төлем: 15-тен 30 АЕК-ке дейін (59-дан 118 мың теңгеге дейін) бір жыл бойы.

Сонымен қатар, еңбек күші тапшы өңірлерге көшуді ынталандыру үшін жұмыс берушілерге қосымша қолдау шаралары енгізілді. Қандастар мен азаматтардың бұл аймақтарға ерікті қоныс аударуын жеңілдету мақсатында экономикалық ұтқырлық сертификаты беріледі. Ол тұрғын үй құнының 50%-ын жабуға немесе бір отбасына 4,56 млн теңгеге дейін қайтарымсыз негізде қаржылай көмек көрсетуге мүмкіндік береді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар