Қазақстандық Allur автомобиль компаниясының құрамына кіретін Jetour бренді ел нарығында небәрі екі жыл бұрын пайда болса да, қарқынды дамып, көпшілікті жетістіктерімен таңғалдырып келеді. Қысқа мерзім ішінде тұтынушылардың сеніміне ие болған бренд, жергілікті нарықтың қажетіне сай келетін автомобильдерді ұсынады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
2023 жылы Allur мен Jetour стратегиялық серіктестік жөнінде келісімге қол қойды. Содан бері Jetour тұрақты өсім көрсетіп, қазақстандықтардың қызығушылығын арттыруда. Мәселен, 2023 жылы 3 930 автомобиль сатылса, 2024 жылдың алғашқы он айында бұл көрсеткіш 7 265-ке жетті. Шілде айында бренд ай сайынғы рекорд орнатып, 1 000 автомобиль сатты. Jetour бренді отбасылы жандарға арналған Jetour T2 моделін ұсыну арқылы өз табысын одан әрі арттыра түсті. Жаңа модель жайлылығы мен әмбебаптығының арқасында үлкен сұранысқа ие болды. Бүгінгі күні Jetour-дың нарықтағы үлесі 5%-ды құрап, елдегі ең көп сатылатын ТОП-10 брендтің қатарына енді.
Jetour өсімінің негізгі факторлары
Дилерлік желінің кеңеюі
2023 жылы Jetour Қазақстанда небәрі 5 дилерлік орталықпен жұмысын бастады. Жыл соңына дейін олардың саны 17-ге жетіп, Қазақстанның ірі қалалары мен аймақтарының 90%-ын қамтыды. Бұл брендтің автомобильдерін сатып алу тұрғындар үшін қолжетімді болды.
2024 жылы Jetour тағы 8 дилерлік орталық ашып, жылдың соңына дейін қосымша 3 сату нүктесін іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл бренд тұтынушылардың жүрегінен орын алып, Қазақстанның барлық аймағында сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта Jetour-дың ресми дилерлік орталықтары Қазақстанның 17 аймағында жұмыс істейді.
Модель қатарын кеңейтті
2024 жылы Jetour 5 түрлі автомобиль моделін ұсынып, олардың әрқайсысы өз сатып алушысын тапты. Жыл соңына дейін жаңа Jetour X50 кроссоверінің сатылымы басталады деп жоспарлануда. Бұл модель аудиторияның ерекше қызығушылығын туғызды.
Отбасы аудиториясына бағытталуы
Jetour басты назарын отбасылық сапарларға арналған автомобильдерге аударды. Бұл стратегия үлкен сұранысқа ие болды. Кең, технологиясы озық әрі сенімді кроссоверлер сапар барысында жайлылық пен қауіпсіздікті қалаған отбасылардың таңдаулы көлігіне айналды.
Jetour жеткен жетістіктерімен тоқтап қалмайды. Бренд дилерлік желісін одан әрі кеңейтіп, модель қатарын толықтырып, Қазақстан нарығындағы орнын нығайта бермек. Келесі жылы тұтынушылар екі жаңа модельдің сатылымын күтуде, олар да сатылым хитіне айналуы мүмкін.