Астанада бұрынғы әйелін өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Астанада бұрынғы әйелін өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды
Астана ПД

Астанада әйелді өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды dalanews.kz.

23 қыркүйекте сағат 20:00 шамасында полицияға әйелге шабуыл жасалғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына полиция қызметкерлері жедел жеткен.

"Әйелге пышақ жарақатын оның бұрынғы күйеуі салған. Алған жарақаттары салдарынан әйел адам оқиға орнында көз жұмды. Күдікті жедел түрде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді полиция.

Астана ПД өкілдері тарап жатқан ақпаратқа байланысты күдікті полиция қызметкері емес екенін мәлімдеді.

Тергеу барысы Астана қаласы Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.