Осының арқасында ет өндірісі 28,6 мың тонна, сүт өндірісі 87,3 мың тоннаға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда артқан.
Бейбіт Исабаевтың сөзіне сүйенсек, жалпы жыл соңына дейін ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 2,8% өсіп, 544 млрд теңгеге жетеді деп жоспарлануда.
Саланы бұдан әрі дамыту үшін 2027 жылға дейін құны 57,9 млрд теңге болатын 53 инвестициялық жобаны іске асыру көзделген. Жобалар іске асқанда тұрақты 1,2 мың жаңа жұмыс орны ашылады.
Оның ішінде «Ірі жобалар» пилоттық жобасы аясында 44,8 млрд теңгеге 18 жоба көзделсе, биыл 400 басқа арналған, 2 млрд теңгелік тауарлы сүт фермасы салына бастайды. Бұл нысан 2024 жылы іске қосылады деп межеленген.
– Ауыл халқының табысын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру шеңберінде 3,2 млрд теңге бөлінді, 562 үміткерден пул қалыптастырады, – деп атап өтті спикер.