Жетісуда шетелдіктер есірткі зертханасын ұйымдастырған

Жетісуда шетелдіктер есірткі зертханасын ұйымдастырған
ІІМ

Жетісу облысы Талдықорған қаласында полиция екі есірткі зертханасын әшкереледі, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында бір қылмыстық схема аясында әрекет еткен 31 және 21 жастағы екі шетел азаматы ұсталды.

Тергеу барысында олардың синтетикалық есірткі дайындаумен айналысқаны анықталды.

"Тінту кезінде зертханалық құрал-жабдықтар, химиялық реагенттер, сондай-ақ, өткізуге дайындалған 1,3 келіден аса мефедрон тәркіленді. Қазір күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстың барлық мән-жайын анықтауға, соның ішінде ұйымдастырушыны және басқа да қатысушыларды әшкерелеуге бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр", - деді ІІМ өкілі.

Полицияның мәліметінше, есірткінің заңсыз айналымы міндетті түрде қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.