Жетісуда 44 мектеп салынады, ал балабақшамен қамту 95%-ға жетпек

Dalanews 01 қар. 2017 07:47 765

Биылғы жылы Алматы облысында 44 мектеп салынса, соның – 31-і «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде тұрғызылды. Оның оқушыларға орын жетіспеушілігі мәселесін шешуге тигізер ықпалы зор. Биылғы жаңа оқу жылының өзінде бірінші сыныпқа 46 мың бала барған. Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталовтың Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингі барысында айтылды, –  деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.  

Жалпы соңғы үш жылда Алматы облысында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 82 жобаны жүзеге асыруға 77,2 млрд. теңге бөлінген, соның 49 млрд. теңгесі – білім беру нысандарына бөлінді.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брефингте Амандық Баталов Алматы облысында мемлекеттік-жекеменшік серіктестігін жандандыру нәтижесінде жыл соңына дейін балаларды балабақшамен қамту деңгейі 95 %-ке жететінін алға тартты.

– Мәселен, 2013 жылы балаларды мектепке дейінгі мекемелермен қамту көрсеткішісі небары 60%-ды құраса, соңғы үш жыл көлемінде 279 балабақша ашылған. Оның 88%-ы – жекеменшік. Ал биылғы жылы тағы 98 балабақша ашылса, жыл соңына дейін қамту деңгейі 95%-ға жететін болады, – деді А. Баталов.



Облыстың білім саласына мемлекеттік-жекеменшік серіктестік тегігін қолданудағы тәжірибесі үлкен. «Енді біз мемлекет пен бизнес әріптестігінің басқа да формаларын қолдана бастадық. Біздегі 41 жобаның 8-і өткен жылы жүзеге асырылса, құны 9,6 млрд. теңгелік 9-ы биылғы жылдың соңына дейін межеленген», – деп атап өтті облыс әкімі.

Алматы облысы әкімі А.Баталовтың Орталық коммуникациялар қызметіндегі брефингі

 

https://dalanews.kz/31757

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар