Жетісу облысында мәдениет үйінің жөндеуіне бөлінген қаржыны жымқырғандар тергеуге ілінді

Көркем Алдабергенова 19 жел. 2025 10:27

ҚМА Жетісу облысы бойынша департаменті Бақтыбай ауылындағы Мәдениет үйін күрделі жөндеуге бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеу жүргізуде, деп хабарлайды Dalanews.kz.

2020 жылы Ескелді ауданының ішкі саясат бөлімі мен мердігер ұйым арасында күрделі жөндеуден өткізуге 753 млн теңге сомасына шарт жасалған.

Шарт талаптарына сәйкес мердігер жұмысты 2021 жылдың желтоқсан айында аяқтауы тиіс болған, алайда нысан осы уақытқа дейін пайдалануға берілмеген.

Тергеу барысында бұрын қабылданып, төлем жүргізілген бірқатар жұмыстардың нақты орындалмағаны анықталды.

Нәтижесінде мемлекетке келтірілген залал 212 млн теңгеден асты.

Қатысы бар тұлғалардың мүлкіне шектеулер қойылды.

Тергеу жалғасуда.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар