Қытайдың мемлекеттік БАҚ-тары Еуропалық одақ қытайлық автокөліктер импортына жаңа шектеулер енгізсе, Бейжің жауап шараларын қабылдап, Дүниежүзілік сауда ұйымына жүгінуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Қытай Еуропалық одақтың сауда шектеулерін Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) ережелеріне қайшы деп санаса, сауда өтемақысын талап етуі мүмкін. Бұл туралы Bloomberg материалында айтылған.
Бұған дейін ЕО мен Қытай қытайлық гибрид көліктердің еуропалық нарыққа жеткізілуін қысқарту жөнінде келісімге келген. 2026 жылғы желтоқсаннан бастап импорт көлемін жылына 350 мың көлікпен шектеу жоспарланып отыр. Бұл биыл күтілген 800 мың көлік көлемінен екі еседен астам аз.
2025 жылы Еуропалық одаққа Қытайдан 302 мың гибрид көлік жеткізілген. Жаңа шектеу төрт жыл бойы қолданылады деп жоспарланып, екінші жылдан бастап квотаны жыл сайын 6%-ға арттыру көзделген.
Бейжің мен Брюссель арасындағы келіссөздер сауда теңгерімсіздігін азайтуға бағытталған. Сонымен қатар тараптар сауда мен инвестицияға қатысты өзге мәселелерді де талқылап жатыр.