Жетісу облысында аңшылық кезінде оқыс оқиға болып, салдарынан бір адам ауруханаға түскен, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Оқиғамен жақсы таныс дереккөздердің бірі Dalanews.kz-ке жәбірленуші әскери адам екенін айтты.
Жетісу облысы Полиция департаменті бұл ақпаратты растады. Ведомство мәліметінше, оқиғаға қатысқандардың біреуі ғана әскери қызметкер. Бұл жайт демалыс күні, жұмыс уақытынан тыс кезде болған.
"Абайсызда ауыр дене жарақатын келтіру дерегі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша бұл оқиға аңшылық кезінде болған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді", - деді өңір полициясы.
Ал Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Әйгерім Ағылтаева Dalanews.kz-ке берген жауабында "әскерилер арасында атыс болды" деген ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
