Железноводскідегі лагерьде жәндіктер қаптаған: қазақстандық балалар елге қайтуға мәжбүр

Сағыныш Сардарова 28 қаз. 2024 14:46 1626

Железноводскідегі лагерьде жәндіктер қаптап кеткен. Салдарынан демалуға барған құлсарылық балалар елге қайтатын болды, - деп хабарлайды Dalanews.kz "Ақ Жайық" басылымына сілтеп. 

27 қазанда кеште Құлсарыда балаларын лагерьге жіберген ата-аналар наразылық танытып, аудандық әкімдік ғимаратының алдына жиналды. 

"Балаларымыз Железноводскіге лагерьге кеткен болатын. Бармай жатып, "кері қайтамыз" деп жатыр. Жататын жерлерінде тарақан толып кеткен", - дейді ата-аналар.

Мәселеге қатысты облыстық білім басқармасы басшысы Марат Абуов пікір білдірді.

"26 қазан мен 4 қараша аралығында "Қазақстан Геологы" емдеу пансионатында демалу үшін Жылыой ауданы Құлсары қаласының 174 (113 ұл мен 61 қыз) оқушысы жіберілген болатын. Балалар 27 қазанда сағат 22:00 шамасында пансионатқа жеткен еді. Алайда сол күні ауа райына байланысты орман ағаштарында болатын жәндіктер көбейіп, пансионат ғимаратының ішіне тараған.

Қазір ғимаратты жәндіктен тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жағдайға байланысты балаларды шұғыл кері қайтару жұмыстары ұйымдастырылды", - деп жазылған хабарламада.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар