Жекеменшік компания Маңғыстаудағы теміржол желілерін заңсыз иеленіп келген - сот шешімі

Кәмшат Тілеухан 14 нау. 2025 12:32 247

Маңғышлақ станциясынан Ақтау теңіз портына дейінгі магистральдық теміржол жолдарын жекеменшік компанияның иелік етіп келгені белгілі болды. Маңғыстау облысының экономикалық соты "Каскор-Транссервис" АҚ-ға магистральды теміржол желілерін мемлекеттің иелегіне қайтаруды міндеттеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Қолданыстағы заңнамаға сәйкес магистральдық теміржол жолдары мемлекет меншігінде болуы керек. Аталған объектілердің стратегиялық маңыздылығын және оларды мемлекет меншігіне қайтару қажеттігін ескере отырып, прокуратураның қадағалау актісі бойынша көлік министрлігі сотқа талап арызбен жүгінді. Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2025 жылғы 14 наурыздағы шешімімен талап арыз толық көлемде қанағаттандырылды", делінген Бас көлік прокуратурасының хабарламасында.

Бұл шешім Қазақстанның көлік инфрақұрылымының тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі маңызды қадам болып табылады және мемлекеттің темір жол желісінің негізгі объектілерін бақылауына кепілдік береді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар