Freedom Inside '26

Жеке академияларға “ұлттық” атауын қолдануға тыйым салынады

Жеке академияларға “ұлттық” атауын қолдануға тыйым салынады
Фото: pixabay

Мәжілісте талқыланған жаңа заң жобасы аясында жеке академияларға атауларында “ұлттық” сөзін қолдануға тыйым салынбақ, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Заңға ілеспе түзетулер арқылы “Білім туралы”, “Ғылым және технологиялық саясат туралы”, сондай-ақ “Қайырымдылық туралы” заңдарға бірқатар өзгеріс енгізіледі.

Түзетулердің бірі — мемлекеттік қатысуы жоқ заңды тұлғалар, яғни жеке меншік академиялар өз атауларында “ұлттық” сөзін ешбір тілде, толық немесе қысқартылған түрде қолдана алмайды. Бұл өзгеріс атаудағы статустық реңкке байланысты қабылданған.