Мұндай пікірді Азиядағы сенім шаралы және өз әріптестік кеңесінің атқарушы директоры Қайрат Сарыбайұлы білдірді. Шараға Dalanews.kz тілшісі де қатысқан болатын.
Оның атап өткеніндей Үкімет жұмысында жастар саясатында маңызды орын берілуі тиіс. Смайлов үкіметінің экономикалық һәм әлеуметтік саясатында жастар мәселесіне басымдық берілуі қажет. Жастар мәселесін талқылауды жастардың өзіне табыстаған дұрыс. Бұл іске аға буын араласса, ескі көзқарастың шеңберінен шыға алмаймыз.
Сөй деген Сарыбайұлы мырза:
«Қаңтар оқиғасынан кейін жастар саясатына қатысты көзқарас та күрт өзгерді.
Ең алдымен еліміздегі іргелі саяси ұйымның жастар қанаты толық түрленіп, қайтадан құрылды. Жаңа Қазақстан жастар мәселесіне келгенде ескі түсініктен арылуы қажет. Жастарды ұраншыл, дабырашыл акциялардан аулақ ұстауымыз керек.
Жастармен жұмыс істеуде жаңа тәсілдерге мұхтажбыз. Бәлкім бұл тұрғыда шетелдің тәжірибесіне сүйенгеніміз дұрыс шығар», – дейді ол.
Оның пікірінше шетел тәжірибесін сөз еткенде, оны толық көшіріп алу қателікке ұрындырады.
«Үкімет жастар саясатында табысқа жеткен мемлекеттердің тәжірибесін електен өткізуі керек. Алысқа бармай-ақ Азия елдерімен пікір алмасуға болады. Мәселен, Сингапур, Корея секілді елдерде жастар саясаты ел Үкіметінің күн тәртібіне енген мәселенің бірі. Бұл елдердің басшылығы жастар мәселесін олардың өзіне табыстаған, яғни, олармен ұдайы байланыс орнатып, ой – пікір алмасып отырады. Жастарға қатысты мемлекеттік бағдарлама қабылдарда, алдымен жас аудиторияның талап-тілегін тыңдап алады», – дейді сарапшы.