Жастарды жатақханамен қамту аса өзекті мәселе – Қарақат Әбден

Dalanews 28 қаз. 2022 14:09 673

ҚР Президенттігіне үміткер Қарақат Әбден Павлодар қаласының сайлаушылармен кездесу өткізді.

Павлодар қаласының «Дарынды балаларға арналған музыкалық колледжінде» өткен сайлауалды жиында Қ.Әбден ұстаздармен жүздесіп, білім беру саласындағы өзекті сұрақтарды талқылады.

«Студенттер, білім алушы жастар– еліміздің болашағы, ал ұстаздар – қоғамдағы орны ерекше тұлғалар. Сондықтан Павлодар қаласындағы сайлауалды жиын осы білім ордасында өткізуді жөн көрдік», - деп жеткізді Қарақат Әбден.

Оның айтуынша, сайлауалды бағдарламада білім беру саласын жетілдіруге көп көңіл бөлінген. Әсіресе, білім алушылар үшін жоғары білімнің тегін болуы, олардың жатақханамен, инновациялық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі аса өзекті.

Жиын барысында орта техникалық білім беретін мұғалімдерінің мәртебесін арттыруға қатысты сұрақтар мен ұсыныстар талқыланды.


Бұдан бөлек, Қарақат Әбден өзінің Павлодар қаласындағы сенімді өкілдерімен өкілдерімен кездесті. Үміткердің бұл өңірдегі сайлауалды штабында 200-ден астам волонтер жұмыс істейді.



Еске салсақ, Қарақат Әбден бұған дейін Ақмола облысы, Қарағанды, Астана, Екібастұз қалаларының тұрғындарымен жүздескен еді. Алдағы уақытта оның Абай, Алматы, Ақтөбе облысының сайлаушыларымен кездесу өткізетіні мәлім.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар