Жаслан Мәдиевтың қызметі өсті

Көркем Алдабергенова 29 қыр. 2025 09:39

Министр Жаслан Мәдиев жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Жаслан Хасенұлы Мәдиев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі болып тағайындалды.

Бұған дейін Мәжіліс Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі лауазымына Жаслан Мәдиевтің кандидатурасына келісім берген болатын. 

Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі лауазымына Жаслан Мәдиевтің кандидатурасы келісілді. 

Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 22-1-бабына сәйкес қаралды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар