Жаркентте 4 жасар ұлын аяусыз ұрған ана қамауға алынды

Көркем Алдабергенова 27 қаң. 2026 09:22

Жаркент қаласына қарасты Нұркент елді мекенінде баласын аяусыз ұрған әйелдің видеосы әлеуметтік желілерде тарағаннан кейін сот баланың анасын қамауға алу туралы санкция берді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Әлеуметтік желілерде Жаркенттегі балаға көрсетілген қатыгездік бейнеленген видео жарияланғаннан соң, сот кәмелетке толмаған баланың анасын қамауға алу жөнінде шешім қабылдады. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша қылмыстық іс «Азаптау» бабы аясында тергеліп жатыр, деп мәлімдеді Жетісу облысының полиция департаменті.

Айта кетейік,видеода әйел адам баласын ақ матамен батареяға байлап, жерге жатқызып, аяусыз ұрып жатқаны анық көрінеді. Бір сәтте әйел адам баласының басынан да тепкілеп жатады. 

Бұл дерекке қатысты облысты полиция департаменті пікір білдірді. Жаркент қаласындағы WhatsApp топтарында таралған бейнежазба фактісі бойынша Панфилов аудандық полиция қызметкерлері жедел түрде тексеру жүргізген. Тексеру барысында 28 жастағы әйелдің кәмелетке толмаған баласына дене жарақатын салғаны анықталды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove