Жаның сыздар шақтарда...

Dalanews 30 мам. 2015 03:52 1012

Әр адамның ерте ме, кеш пе тісі ауырады. Тісі ауырған адам тіс дәрігеріне бару керектігін біледі. Ол онда барған соң оған көмек көрсетіліп, тіс ауырғаны басылатынына, жазылатынына күмән келтірмейді. Барады, тісін жұлады, жанын қинаған нәрсе тоқтайды. Бәрі түсінікті.

[caption id="attachment_10838" align="alignright" width="441"]Ирина Млодик Ирина Млодик, Ресейлік психолог[/caption]

Ирина Млодик, Ресей

Бірақ тісің емес, жаның ауырса қайтпек керек? Тіпті жаның ауырмады делік. Алайда, күндіз күлкі, түнде ұйқы жоқ,  беймаза күй кешсеңіз ше? Өмір сүресің, ал бақыт жоқ. Кімге барып жаныңның дертін емдерсің? Көп адам имам, ересек ақылшы, кейбірі тіпті тәуіпке барып жатады. Көмек сұрайды. Емшіге барып жолын аштырады. Қара дұғаны алдырады. Көмектеседі ме? Иә!

Бұның барлығы уақытша серпіліс. Қиындық қайталанатын құбылыс. Оны жеңу үшін тәуіптің табалдырығын тоздыру шарт па? Сондықтан жанның қалауы мен өз мүмкіндігіңнің шегін ажырату керектігін түсінесің. Сіздің қайталанбас өміріңіздің шылбырын бөтен адамға ұстата берген қаншалықты дұрыс?
Психологтарға көп адам кеңес сұрап келеді. Бір нәрсе түсінгісі, қиындығын қайтып жеңуге болатынын сұрай келеді. Консультацияны мықты мамандар береді. Психолог өзі жақсы түсінетін саланың қыр-сырын, бүге-шігесін мықты біледі деп есептеледі. Сондықтан ол кеңес бере алады деп сенеміз.

Кеңес беру бір сағат уақыт алар. Осы бір сағатта кеңеске мұқтаж адам не алады? Өзінің қиындығына басқа көзқараспен қарауға болатынын біледі. Көкжиек кеңейе түседі. Бұрын байқалмаған құбылысты сезеді. Кей адамға осының өзі жеткілікті. Ары қарай өзі сол бағытта дами береді. Өзінің қиындығын  әр түрлі қырынан қарап үйренеді.

СуретПсихологқа келген кей адам өзінің қиындығының тамыры тым тереңде екенін бажайлайды. Өз күшімен, өзгенің көмегінсіз шешілмесін түсінеді. Оған жол бастаушы қажет. Сол кезде екеуі де – психолог пен емделуші де сол түйткілге ден қойып, оны түбегейлі шешуге бел шеше кіріседі. Егер бұл қиындық, себеп жақында пайда болса, балалық шақпен шатысы болмаса, бірнеше рет кеңес алу жеткілікті болады. Егер тамыры тереңге тартқан құбылыс болса, оны емдеуге көп  уақыт кетеді. Аз уақытта емдеу тәсілдері уақытша ғана көмектесуі мүмкін. Сондықтан жоспарлы жұмыс жасауға тура келеді. Кейде бірнеше ай, кейде жылдарға созылады.
Кез келген қиындық адам өміріндегі қолайсыздықтан туады. Бәрі жақсы болса, ешкім өзгеруге құмартпас еді. Психотерапияға адамды күйзеліс, қайғы, уайым, ауыр соққы жетелеп әкеледі. Сол сәтте бастағы сынаққа қатты наразы боламыз. Бірақ сол арқылы өсетінімізді, өмірді реттейтінімізді білмейміз. Әйтпесе, ризашылығымызды білдірер едік. Адамның басына түскен қолайсыздық бір сатыдан екіншісіне өтуге септеседі. Дамуға, жетілуге, трансформациялануға серпін береді.

Психотерапия – бұл…
Жанға дәру беретін тағы бір сала психотерапия. Батыста ол дәрімен емдеу деп түсіндіріледі. Ал, бізде бәрі басқаша. Адамға өзін тануға, өмірін өзгертуге  көмектескен әр психолог психотерапевт саналады.
Сыртқы әлем ешқашан өзгермейтінін түсінгенде, бақытты күту бекер, әлемнің әділетті болуын армандау қажетсіз екенін білген әр адам психологтың көмегіне мұқтаж екенін сезеді. Әр нәрсені өзінен бастауы керектігін түсінген жан дұрыс жолға түскені. Түйсіктегі «мен кіммін?» деген сауал түп көтеріліп,  жүрекке жеткенде бәрі өзгеріп сала береді. Не істесем болады? Неге бұл мені мазалады? Өмірде нені өзгерткен дұрыс? Қалай өзгертем? Жаның қысылып, жағдайың ушыққанда өзгерту керектігін түсінесің, мәжбүрлігің үдей түседі. Неғұрлым жылдам өзгертсең, бәрі соғұрлым тез жақсаратынын білесің.

Кез келген қиындық адам өміріндегі қолайсыздықтан туады. Бәрі жақсы болса, ешкім өзгеруге құмартпас еді. Психотерапияға адамды күйзеліс, қайғы, уайым, ауыр соққы жетелеп әкеледі. Сол сәтте бастағы сынаққа қатты наразы боламыз. Бірақ сол арқылы өсетінімізді, өмірді реттейтінімізді білмейміз. Әйтпесе, ризашылығымызды білдірер едік. Адамның басына түскен қолайсыздық бір сатыдан екіншісіне өтуге септеседі. Дамуға, жетілуге, трансформациялануға серпін береді.

Қиындық не үшін керек?

Адам өмірі қайталанып отырады. Табиғаттың өзінде күнді түн алмастыру, жастық шақты кәрілік ауыстыратыны бұлжымайтын ақиқат. Дәл сол сияқты адам психикасында кезектесу сұранысы бар. Тыныштық кезі бар. Қуаныш сәті. Қанағат ету. Бірақ бұл күйдің бәрінде адам ұзақ қалса, тыныштық ішпысуға, қуаныш тоқмейілсуге, қанағат ету сағынышқа ұласады. Адам жаңа бірдеңені аңсайды.

Әр адам басындағы қиындығы мен қолайсыздықтарына алғыс айта білуі керек. Дағдарыс, өзгеріс – адам өмірінде бір нәрсе үйренсін деген мақсатта жүзеге асады. Сәл де болса басқа қырынан ашылсын дейді. Көпшілік адамдар дағдарысты кәдесіне жарата білмейді. Түйткілден қорқады. Оны болдырмау үшін қаншама күш-жігерін сарп етеді. Ақыр соңы өзін өзгеріссіз қалдырады. Бірақ заңдылық бойынша, қиындықтан біржолата қашып құтылу мүмкін емес. Ал, көп адам өзін өзгертудің орнына ескі амал-тәсілін қолданып, көнерген тәртіптен ауытқымай, кешенді, қалыптасқан мінезін сақтап қалады.

Жаныңыз ауыра ма? Көңілсіз бе едіңіз? Өмірдің қызығы жоқ па? Онда өмірді өзгертетін уақыт жетті деген сөз. Өмірді тек өзіңізді өзгерту арқылы ғана жаңалауға болады. Балалық шақ пен жастық кездегі амал-тәсілдер ересек өмірде пайдасы аздау болмақ. Сондықтан есеюге, есті болуға қорықпаңыз.

Көбіне адам қандай жолмен өмір сүргенін пайымдай бермейді. Қиындықты қалай жеңем деп те өзінен сұрамайды. Егер үйдегі тәрбие неғұрлым қатал болса, ата-ана қысып ұстаса, онда әлемнің алуандылығын түсіну соғұрлым қиындай береді. Балаға күнде шектеу мен тыйым қажет болады. Оның бәрі баланың қауіпсіздігі үшін. Есейген соң өмірге жан-жақты қарап үйрену керек. Бөтен біреудің көмегінсіз айналаны зерттеу қорқынышты. Өйткені, іштей әлем сізге сіңіргендей ғана деген сенімге нық байланғансыз. Егер күні-түні еңбек етіп, өзіңді бәрінен тыйып ұстасаң, сонда бақытты боласың дегеннен шыға алмау. Бірақ үнемі тіл алғыш, жақсы, жағымды болып, өзіңді, ойыңды, жүрегіңді өзгеге құрбандыққа шала берсең, ешкім мақтау қағазын бермейтіні ескертілмейді.

Қанша күш-жігер жұмсасаңыз да сіз күткен бақыт әлі жоқ па? Сүйіктіңіз тастап кетеді. Ата-анаңыз әдеттегідей көңілі толмайды. Бастық мақтамайды, ісіңіздің тиянақты бағасын бермейді. Бақыт та, марапат та жоқ. Неге? Сіз тырыстыңыз ғой! Бұл не? Әділетсіздік? Немен түсіндіруге болады? Болады екен. Балалық елес пен сол кездегі ойлау жүйесінен арылу керек. Бұның елес екенімен де келіспеуіңіз ықтимал. Дұрыс! Ол үшін уақыт керек. Өзіңізге шындықты көрсете алатын адамның пікірі қажет. Жолбастаушы ауадай керек! Ескі өмірден бас тарту оңай емес.

Бала күнгі сана өзіне көптеген қорған-қамалдар тұрғызып алған. Кездейсоқтық пен жағымсыздықты өміріңізге енгізуге қорқасыз. Ол қамалдарды бүлдіруге бергіңіз келмейді. Қамал сынса, қалай қорғанбақсыз? Жүрегіңе ине тықса, жаныңды өртесе қайтпек керек? Қабырға-дуалсыз қалай өмір сүресіз? Кім қорғайды? Сондықтан бәріне уақыт керек. Сатылап өзгеруге бетбұрудың өзі үлкен жеңіс. Іргетасы туғаннан қаланған қамалды бұзу бір күннің ісі емес. Психика өзгеріске қарсы шығады. Ішкі экология біраз бүлінеді.

Содан кейін сіздің өміріңізде жаңа дәуір басталады.
Есейіп, өсіп, жетіліп келе жатқаныңызда адамдар сізді бір қырыңыздан ғана көрді. Ары кетсе, екі қырыңыздан. Сосын сіз өзіңізді осындай ғанамын деп түйіп қоясыз санаға. Басқа ештеңеге қабілетім жоқ деп ойлайсыз. Ал, шын мәнінде, сіздің қолыңыздан келмейтін нәрсе жоқтығын сезбейсіз де. Әр адам – зерттелмеген ғалам. Өзге түгілі өзін де түбегейлі танымай кететін тағдырлар бар.

Сіз өзгермейсіз

Психотерапия ескі өмірлік ұстанымдарыңызды біржолата жоқ қыла алмайды. Егер қайтып оралғыңыз келсе, оларды да пайдалана аласыз. Психотерапияның көмегімен адам басқа нұсқалардың да барын біледі. Көреді. Түйсінеді. Қазіргі жағдайға әлдеқайда көбірек сәйкесетін амал-тәсілдерді меңгертеді. Мінезіңді өзгерту өзіңнің меніңнен бас тарту емес. Адам бойында ешқашан өзгермейтін де мінездері болады. Ал, психолог сіздің бұрынғыдан гөрі өзіңізге жақындай түсуіңізге, меніңізді тани түсуге себепші болмақ.

Есейіп, өсіп, жетіліп келе жатқаныңызда адамдар сізді бір қырыңыздан ғана көрді. Ары кетсе, екі қырыңыздан. Сосын сіз өзіңізді осындай ғанамын деп түйіп қоясыз санаға. Басқа ештеңеге қабілетім жоқ деп ойлайсыз. Ал, шын мәнінде, сіздің қолыңыздан келмейтін нәрсе жоқтығын сезбейсіз де. Әр адам – зерттелмеген ғалам. Өзге түгілі өзін де түбегейлі танымай кететін тағдырлар бар. Тұрақтылықтан ауытқысы келмейтіндер, солай бір сыдырғы күн кешеді. Түйеқұс секілді. Басын құмға тығып алып. Айналадағы қоршаған ғажаптың бірінде сезбей қалады. Сіздің өміріңіздің қаһарманы – сіз ғана. Өмір тоқтаусыз саяхат. Оны зерттеу, ие болу, байыту сіздің ғана қолыңыздан келетін  ерлік. Сондықтан ары қарай жылжуға, жаңа сатыға көтерілуге еш қымсынбаңыз. Өсу мен дамуға деген сұраныс – қауіпсіздіктен аттап өтіп, нағыз әлемге есік ашу деген сөз. Мұны адам өзіне өте сенімді, танымы терең, қуат-күшім жеткілікті дегенде ғана жасай алады.
Психотерапия адамдарды бақытты етеді. Ол адамды есейтеді. Тек бақыт іздеп келсе, адам қателескені. Баланы қызықтыру, еліту жеңіл. Бірақ ересек адамның ойын өзгерту соншалықты оңай емес. Баланың елесі өзгеше. Оны қайтару мүмкін емес. Мұны сезу әр адамға қиын. Енді келмейтін нәрсені қайтаруға талпынбайтын боласыз.
Сондықтан есеюден қорықпау керек. Тым болмаса өзге үшін өмір сүрмей, өз өміріңізді көркейтуге талпыныс жасайсыз. Өзіңнің тағдырыңа өзің иемін деген сенім көкжиекті кеңейтеді. Ешкімде жоқ, болмаған өмір сүру мүмкіндігі тек сіздің қолыңызда. Біреу ұрсады, сөгеді, жақпай қалам ғой деп бұғып өмір сүргеннен, өз еркіндігіңді дәлелдеп, соның арқасында өз өміріңді басқарасың. Психотерапия өмірдің кілтін қолыңызға ұстататын ғылым. Өміріңізге дән ризасыз ба?

Аударған Шынар ӘБІЛДӘ



 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар