Жаңаөзенде лицей оқушылары шетелдік жоғары оқу орындарының біріне грантқа түскен 11-сынып оқушысын соққыға шыққан. Абырой болғанда, төбелес үстінен әкесі түскен, алайда топ жасөспірім үлкен кісіні де оңдырмаған, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Lada.kz өңірлік басылымының мәліметінше, оқыс оқиға 16 сәуірде кешкісін жәрбірленушінің үйінің жанында болған.
"Ұрып-соғуға - қызғаныш себеп, өйткені оқушы жақында ғана шетелдік университетке грантқа түскен. Сондай-ақ, төбелеске түрткі лицейдің президенті болып табылатын жәбірленушінің құрдасы болып шықты", делінген басылымда.
Баланың әкесі ұлын қорғауға тырысамын деп аяғынан жарақат алған. Ер адам баласымен бірге Жаңаөзендегі ауруханаға жатқызылды. Оқушыға жабық бас миының жарақаты, мидың шайқалуы, шаш асты аймағының гематомасы, екі беттің көгеруі, сырылуы, сондай-ақ сол жақ тізе жарақаты диагнозы қойылды. Ал әкесінің сол өкшесіндегі сүйек уатылып, жаншылған.
"Шағым авторлары оқу орыны басшылығы оқушыларға зорлық-зомбылық құрбанына барып, жағдайын сұрауға және болған оқиға туралы ақпарат таратуға қатаң тыйым салынғанын айтады. Ал жәбірленушіге үлкен ақшалай сыйақы ұсынылмақ", - деп атап өткен басылымның дерек көзі.
Бұған дейін Шымкентте желіде пікір білдіріп, лайық баспаған қызметкерлерге қырғидай тиген басшы жазаланғанын жазғанбыз.