Freedom Inside '26

Бибісара Асаубаева әлемнің үздік бес шахматшысының қатарына енді

Бибісара Асаубаева әлемнің үздік бес шахматшысының қатарына енді
Фото: baq.kz

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева алғаш рет әйелдер арасындағы әлемдік рейтингтің үздік бестігіне кірді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) жаңартылған рейтингінде қазақстандық спортшы екі сатыға жоғарылап, 2538 рейтингтік ұпаймен 5-орынға тұрақтады.

22 жастағы гроссмейстер биылғы маусымда жоғары нәтижелерін жалғастырып келеді. Маусым айында ол Norway Chess Women 2026 турнирінде жеңіске жетіп, FIDE әйелдер сериясының жалпы есебінде көш бастаған.