Жаңа ереже: құлаққапсыз видео көрген жолаушыларға ұшуға тыйым салынуы мүмкін

Сағыныш Сардарова 06 нау. 2026 09:28

Ұшу кезінде телефоннан немесе планшеттен видеоның дауысын қосып көретін жолаушыларға енді қатаң шара қолданылуы мүмкін. Кейбір жағдайда мұндай жолаушыларға әуе компаниясының рейстерімен өмір бойы ұшуға тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы Dailymail.co.uk жазды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

United Airlines әуекомпаниясы тасымалдау ережелерін жаңартып, жолаушыларға жеке құрылғылардан (телефон, планшет, ноутбук) аудио немесе видео тыңдағанда міндетті түрде құлаққап қолдану талабын енгізді.

Жаңа талапқа сәйкес жолаушы құрылғысынан қандай да бір дыбысты құлаққапсыз тыңдаса, оны рейстен түсіріп, алдағы уақытта осы компания ұшақтарына отырғызбауы ықтимал.

Өзгеріс тасымалдау келісімшартына енгізілген. Құжатта сапар кезінде жолаушылар ұстануға тиіс барлық талап көрсетілген. Соңғы нұсқада музыка тыңдағанда, видео көргенде немесе дыбыс шығаратын қосымша пайдаланғанда құлаққап тағу міндеттеледі. Ережені орындаудан бас тартқан адамдар рейске жіберілмеуі немесе оның кейінгі сапарларына шектеу қойылуы мүмкін.

United Airlines сайтында құлаққабын ұмытып кеткен жолаушылар бортсеріктерден тегін құлаққап сұрай алатыны да жазылған.

Айта кетейік, кейінгі кезде рейс кезінде видеоны немесе музыканы дауыстап қосатын жолаушыларға шағым көбейген.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove