Жаңа депутат Қошмамбетов халқына ант берді

Қаракөз Амантай 14 ақп. 2024 11:18 2573

Айтуар Қошмамбетов ҚР Парламенті Мәжілісіне Respublica партиясынан депутат ретінде сайланды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Айтуар Қошмамбетов Мәжіліс депутаттарының қатарына қосылды. Ол – Respublica партиясы фракциясының өкілі.

Бүгін Мәжіліс депутаты ретінде ол ант қабылдап, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі болып сайланды.

"Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен Тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіне жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін", - деп ант берді Айтуар Қошмамбетов.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар