Жаңа бизнес-бастамаларға бөлінген 1,5 млн теңгеге дейінгі гранттар кімдерге бұйырды

Кәмшат Тілеухан 13 жел. 2024 10:45 474

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі бүгін бірқатар қызық мәліметтермен бөлісті. Мәселен, 2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына 627,6 мың қазақстандық қатысқан. Нәтижесінде 496,2 мың адам жұмыспен қамтылды, оның 311,1 мыңы тұрақты жұмысқа орналасты, деп жазады Dalanews.kz.   

Нақтырақ айтсақ, субсидияланатын жұмыс орындарына 185,1 мың адам орналастырылды. Оның ішінде:

  • әлеуметтік жұмыс орындарында - 15,5 мың адам,
  • жастар практикасында - 32,2 мың адам,
  • қоғамдық жұмыстарда - 108,4 мың адам,
  • "Алғашқы жұмыс орны" жобасы аясында 9,5 мың адам,
  • "Ұрпақтар келісімшарты" жобасы аясында 417 адам,
  • "Күміс жас" жобасы аясында 19 мың адам жұмыспен қамтылды.

"Бұдан басқа, жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 2024 жылдың басынан бастап халықтың әлеуметтік осал санаттарына 400 АЕК дейінгі (1 476 800 теңге) мөлшерде 8 941 грант берілді", - дейді ЕХӘҚМ баспасөз қызметі.

Сондай-ақ еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 55,2 мың жұмыссыз қамтылды, оның ішінде 50,1 мыңы оқуды аяқтады.

Ал "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 57,5 мың адам қамтылды, оның ішінде 36,6 мың адам оқуды аяқтап, сертификаттар алды.

Қызмет саласын таңдау мақсатында 202,4 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар