Freedom Inside '26

26 маусымда ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды

26 маусымда ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды
ЖИ: Dalanews.kz

26 маусымда ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды, деп хабарлайды dalanews.kz.

26 маусымда күндіз Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

26 маусымда Қарағанды облысының шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды қ.: 26 маусымда жоғары өрт қаупі сақталады.

Астана қ.: 26 маусымда түнде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. 

26 маусымда түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Орал қ.: 26 маусымда күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

26 маусымда күндіз Алматы облысының тау бөктеріндегі, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Алматы қ.: 26 маусымда жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаев қ.: 26 маусымда шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с күтіледі. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады. Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 26 маусымда күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

26 маусымда Ақтөбе облысында жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік жартысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қ.: 26 маусымда жаңбыр, найзағай, күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.

26 маусымда Қызылорда облысының солтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 26 маусымда төтенше өрт қаупі сақталады.

26 маусымда күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 40-41 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Түркістан қ.: 26 маусымда күндіз 40-41 градус қатты ыстық күтіледі.