Жамбыл облысындағы әскери бөлімде сарбаз ауыр жарақат алды

Көркем Алдабергенова 08 қаң. 2026 16:00

Жамбыл облысындағы Отар ауылында орналасқан 30212 әскери бөлімі аумағында кезекті алаңдатарлық жағдай болды. Алдын ала мәліметке сәйкес, әскери қызметші қолына ауыр жарақат салған, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Журналист Михаил Козачковтың хабарлауынша, оқиға сарбазға тікелей басшысы ескерту жасағаннан кейін болған. Сол сәтте әскери қызметші өрт қалқанынан балта алып, қолын жарақаттаған. Кей мәліметтерде оның саусақтарын шауып тастағаны айтылса, басқа деректерде сарбаздың қолы терең тілінгенімен, саусақтарын аман алып қалғаны көрсетіледі.

Оқиға Жамбыл облысы аумағындағы Отар гарнизонында болған. Қазіргі таңда жағдайдың нақты мән-жайы анықталып жатыр. Ресми органдар әзірге түсініктеме берген жоқ.

Материал жарияланған сәтте Қорғаныс министрлігі тарапынан ресми ақпарат ұсынылмады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар