Жамбыл облысында тойдың қазысы мен тойбастарын ұрлаған күдікті қолға түсті

Қаракөз Амантай 18 ақп. 2025 17:07 1235

Жамбыл облысында тойдың қазысы мен тойбастар сыйлықтарын ұрлаған күдікті қолға түсті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Меркі ауданында полиция қызметкерлері бірнеше тұрғын үйден ұрлық жасаған ер адамды анықтады. Тергеу барысында күдіктінің үйлерге заңсыз кіріп, алтын әшекейлер, ноутбук және өзге де бағалы заттарды жасырын алып кеткені белгілі болды.

Сонымен қатар, ол бір тұрғынның қоймасынан азық-түлік (жылқы қазысы), тойбастарға арналған сыйлықтар мен басқа да заттарды ұрлап кеткен.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде бұрын сотталған 39 жастағы ер адам ұсталды. Қазіргі уақытта аталған іс бойынша ҚР ҚК-нің тұрғын-жайға заңсыз кіру арқылы жасалған ұрлық бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар