Жамбыл облысында такси жолаушысынан тосын зат табылды

Жамбыл облысында такси жолаушысынан тосын зат табылды
ІІМ

Жамбыл облысында ірі көлемдегі есірткі тарату әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Меркі – Шу – Бурылбайтал тасжолының 122-шақырымында жеке тасымалмен айналысатын Шу қаласының 55 жастағы тұрғыны тізгіндеген Volkswagen Golf көлігі тоқтатылған. Көлікті тінту барысында жолаушылардың бірінен гашиш салынған пакет табылған. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 9 келіден асады. 

"Шамамен 20 мың рет тұтынатын есірткі таралуына жол берілмеді", - деді Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары Мақсат Қанапяев.

Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.