Жамбыл облысында жол ортасында қимылсыз, қатып қалған екі бала: полиция түсініктеме берді

Кәмшат Тілеухан 10 мау. 2025 15:27

Әлеуметтік желіде бағдаршам жасыл жанғанда жолды кесіп өтіп бара жатып, ортажолда еш қимылсыз қатып қалған екі баланың видеосы тарауда. Таң-тамаша желі қолданушылары мұның себебін іздеп, ойлары сан-саққа жүгіруде. Біреулері "матрицада ақау болды" десе, тағы бірі "бұл - балардың ойыны" екенін айтуда. Ал полицейлер Таразда болған бұл оқиғаның басты кейіпкерлерін тауып алғанын жеткізді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында полицейлер жолдың жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан екі оқушының аяқ астынан қозғалмай тұрып қалған видеоны байқап, бұл жайтты назарларына алды. Полиция қызметкерлері балалардың жеке басын, болған жайттың мән-жайын анықтады. Белгілі болғандай, достар "жасыл шам жанып тұрған кезде кім ұзақ қозғалмай тұра алады" деп бәстескен болып шықты. 

"Оқушылармен және олардың ата-аналарымен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді орындамағаны үшін заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды", деп хабарлайды Жамбыл облысы ПД-ның баспасөз қызметі.

 

 

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар