Freedom Inside '26

Илон Маск тарихтағы алғашқы триллионер атанды

Илон Маск тарихтағы алғашқы триллионер атанды
Фото: ALI HAIDER / TASS

Кәсіпкер Илон Масктың байлығы алғаш рет 1 триллион доллардан асып, ол әлемдегі алғашқы триллионер мәртебесіне ие болды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бұған оның негізін қалаған SpaceX компаниясының қор нарығына шығуы себеп болды. Reuters агенттігінің мәліметінше, компания акцияларының бастапқы бағасы 135 доллар болып белгіленіп, нәтижесінде 75 миллиард доллар көлемінде инвестиция тартылған. Бұл көрсеткіш АҚШ тарихындағы ең ірі IPO ретінде тіркелді.

Акцияларды орналастырудан кейін SpaceX компаниясының нарықтық құны 1,77 триллион долларға жетіп, әлемдегі ең қымбат компаниялардың біріне айналды.

IPO өткізілгенге дейін Масктың жеке капиталы шамамен 780 миллиард доллар болған. Ал SpaceX-тегі үлесінің құны 866 миллиард долларға дейін өсті. Tesla мен өзге де компаниялардағы активтерін есептегенде, оның жалпы байлығы 1,1 триллион доллардан асып, әлемдік рекорд орнатты.