“Жалақы — 600 мың теңге, алайда маман тапшы”. Сенатор техникалық білім беру жүйесін реформалауды ұсынды

Қаракөз Амантай 05 жел. 2024 17:09 950

Сенатор Талғат Жүнісов кәсіби-техникалық білім беру жүйесіне өзгеріс қажет екенін алға тартты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Айтуынша, бүгінде осы бағытта кадр тапшылығы үлкен мәселеге айналған.

“Мәселен, елімізде токарь, фрезерші, слесарь сияқты білікті мамандар жоқтың қасы. Жалақы 600 мың теңгеге дейін көтерілгеніне қарамастан, жұмысқа ниетті адамдар саны жұмыс орындарына қарағанда әлдеқайда аз. Ал кәсіби-техникалық білім алған мамандарға деген сұраныс жоғары оқу орындарын бітірген түлектерге қарағанда 70%-ға көп. Бұл жүйенің қазіргі еңбек нарығына сәйкес келмейтінін көрсетеді”, – дейді Талғат Жүнісов.

Сонымен қатар ол ауылдық жерлердегі колледждердің материалдық базасы нашар екенін ерекше атап өтті.

“Ауылдық колледждерді заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету үшін “Жас маман” жобасын қайта назарға алған жөн”, — деп қосты ол.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар