Талдықорған тұрғыны үш жасар қызын аяусыз ұрды деген күдікке ілінді. Әлеуметтік желіде жантүршігерлік видео тарап кетті, деп хабарлайды Dalanews.kz.
2 ақпанда сағат 21:00-де 102 арнасына медициналық мекемеден үш жасар бала зорлық-зомбылық белгілері бар дене жарақаттарымен жеткізілгені туралы хабарлама түскен.
Бұл дерек бойынша "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабымен қылмыстық іс қозғалды.
Полиция қызметкерлері баланың әкесін тұрғылықты мекенжайы бойынша масаң күйде ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамаған.
"Қазір анасы баламен бірге медициналық мекемеде, жәбірленуші балаға медициналық көмек көрсетіліп жатыр", - деді полиция.
Оқиғаның мән-жайын жан-жақты анықтауға бағытталған тергеу және процессуалдық іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы Полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында.
