"Іріп-шіріп жатыр...". Алматыдағы Алтынсарин ескерткішінен дау шықты

Dalanews 14 қар. 2023 11:00 1140

Алматы қалалық Мәдениет басқармасының қызметкерлері қаржы жымқырды деген күдікке ілінді. Олар Ыбырай Алтынсариннің ескерткішін тұрғызу кезінде ақша жымқырған.

Сонау 2021 жылы Алматы Мәдениет басқармасы Ыбырай Алтынсарин ескерткішін салуға 68 миллион 750 мың теңге бөлген. Бірақ пайда болған мүсін техникалық шарттарда көрсетілген параметрлерге сәйкес келмейді.

Бұдан кейін «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің директоры Бауыржан Мақұлбаев дабыл қаққан. Ол ескерткішті салуға бөлінген қаржы басқа мақсатқа жұмсалып жатыр деп күдіктенген.

«Ағымдағы жылдың 20 наурызында бізде Сот сараптамасы орталығының қорытындысы бойынша ескерткіштің көлемі жағынан кішірек және металдың құрамы қола емес, жез болып шықты және коррозияға ұшырап жатыр. Мамандардың қорытындысы бойынша келтірілген шығын 68,7 млн теңгені құрап отыр», - деп жазды Мақұлбаев бүгін Facebook парақшасында.

Посадит ли статуя людей: чиновников и предпринимателей подозревают в хищении при создании памятника Ыбыраю Алтынсарину в Алматы

Ол Алматы қаласы Мәдениет басқармасының қызметкерлері мен ЖШС басшылығына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы төртінші бөлігінің екінші тармағы (ҚР ҚК-нің ысырап ету немесе жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын түсіндірді. .

«Еске салайын, біз үлкен күш жұмсап, ескерткішті зерттеуге Мәдениет басқармасы басшылығының келісімін алдық. Олардың неге сонша қарсылық көрсеткенін болжау қиын емес. Енді нәтижесін күтеміз!» – деп түйіндеді Мақұлбаев.

Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) – қазақ ағартушысы, жазушы, фольклоршы, қоғам қайраткері, этнограф және қазақ оқулықтарының авторы.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар