Әйелін пышақтап, кейін өзіне қол жұмсаған: полиция Астанадағы трагедияның мән-жайын айтты

Әйелін пышақтап, кейін өзіне қол жұмсаған: полиция Астанадағы трагедияның мән-жайын айтты
depositphotos.com

Астанада адам өлтіру және өзіне-өзі қол жұмсау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Полицияның мәліметінше, ерлі-зайыпты арасындағы жанжал барысында 55 жастағы ер адам 53 жастағы әйеліне пышақ жарақатын салған, кейін өзіне қол жұмсаған. Алған жарақаттары салдарынан екеуі де оқиға орнында көз жұмған.

"Қазір оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтауға бағытталған жан-жақты тергеу жүргізіліп жатыр", - деді полиция.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмеді.

Еске салайық, бұған дейін Астанада отбасылық жанжалдан кейін ерлі-зайыпты көз жұмғаны хабарланды.