Астанада отбасылық жанжалдан кейін ерлі-зайыпты көз жұмды

Астанада отбасылық жанжалдан кейін ерлі-зайыпты көз жұмды
Фото: Криминальный Казахстан, видеодан скрин

Астанадағы "Шығыс" тұрғын үй кешенінде ерлі-зайыптының өліміне қатысты қайғылы оқиға болды. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, ерлі-зайыптының арасында отбасылық жанжал туындаған. Артынша ер адам мен әйел көз жұмған.

Көршілердің айтуынша, оқиға 12 және 14 жастағы екі баланың көз алдында болған.

Қазіргі уақытта қайғылы жағдайдың себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Әзірге құқық қорғау органдары ресми түсініктеме берген жоқ.