Қазақ тілінде жауап берген дүкен қызметкеріне қатысты қуанышты хабар шықты

Қазақ тілінде жауап берген дүкен қызметкеріне қатысты қуанышты хабар шықты
Фото: ашық дереккөзден

Екі ай бұрын дүкенде сатып алушының орыс тілінде жауап беру талабына қарамастан, қазақ тілінде сабырмен сөйлескен қызметкер қызға қатысты жаңа ақпарат тарады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Әлеуметтік желілерде желі қолданушыларының қолдауына ие болған бойжеткенге жаңа қызмет ұсынылғаны жазылып жатыр. Алайда оның нақты қандай лауазымға тағайындалғаны әзірге белгісіз.

Оқиға шамамен бір ай бұрын болған. Әлеуметтік желіде тараған видеода сатып алушы дүкен қызметкерінен орыс тілінде жауап беруін бірнеше рет талап еткен.

Қыз кассаның уақытша жұмыс істемей тұрғанын және жақын арада тағы бір кассир келетінін қазақ тілінде түсіндірген. Соған қарамастан, сатып алушы оның орысша сөйлеуін талап ете берген.

Видео көп ұзамай желіде қызу талқыға түсіп, қолданушылардың басым бөлігі қызметкердің сабырлы әрекетін қолдаған. Көпшілік оның мемлекеттік тілде жауап бергеніне оң пікір білдіріп, алғыс айтқан.

Енді әлеуметтік желілерде бойжеткеннің еңбегі еленіп, қызметтік сатыда жоғарылағаны туралы ақпарат тарады.