Санжар Боқаевқа қатысты алғашқы сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды

Санжар Боқаевқа қатысты алғашқы сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды
ашық дереккөз

Санжар Боқаевтың ісі бойынша алғашқы сот отырысының күні белгілі болды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Боқаевтың адвокаты Радмир Өтепов қорғауындағы азаматқа қатысты сот процесінің қашан басталатынын хабарлады.

Адвокаттың айтуынша, белсендінің ісі бойынша алғашқы сот отырысы 28 қыркүйекте сағат 09:30-да өтеді. Сот отырысы Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында қаралады. Әзірге тараптар алдағы сот процесіне қатысты қосымша мәлімет жариялаған жоқ. Іс бойынша сот талқылауының нәтижесі кейін белгілі болады.

Айта кетейік, Санжар Боқаев 18 наурыз күні ұсталған болатын. Осылайша ол тергеу изоляторында алты айға жуық уақыт отыр. Бұған дейін Бас прокуратура Боқаевтың әлеуметтік жағдайы төмен азаматтарға ақша ұсынып, ағаштарды заңсыз кесуге және ұрлық жасауға тапсырма берген деген күдікке ілінгенін хабарлаған.

Сонымен қатар оған аса ірі көлемдегі қаражатты алаяқтық жолмен иемдену, жалған ақпарат тарату және қоғамда теріс көзқарас қалыптастыру мақсатында бейнематериалдар жариялау баптары бойынша айып тағылған.