Ресейде 60 мыңнан астам қазақ студенті білім алып жүр

Ресейде 60 мыңнан астам қазақ студенті білім алып жүр
Фото: mail.kz

Қазір Ресейдің жоғары оқу орындарында 60 мыңнан астам қазақстандық студент білім алып жүр. Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев Екатеринбург қаласында ұйымдастырылған Халықаралық жастар фестивалінде мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

Дипломаттың айтуынша, студенттердің көпшілігі Ресейге арнайы квота негізінде емес, жоғары оқу орындарын өз еркімен таңдап түскен.

"Қазақстандық жастар орыс тілін жақсы меңгергендіктен, тілдік кедергіге тап болмайды. Бұған қоса, Ресейдің білім беру жүйесі де бізге таныс. Студенттеріміздің ресейлік университеттерге қызығушылық танытуы – жақсы көрсеткіш", – деді елші.

Дәурен Абаев Ресейдегі жоғары білім сапасына да тоқталды. Оның сөзінше, бұл қазақстандық талапкерлердің аталған елдегі университеттерді таңдауына әсер ететін негізгі факторлардың бірі.

Сонымен қатар елші Екатеринбургтегі фестиваль жастардың өзара тәжірибе алмасуына, жаңа байланыс орнатуына және халықаралық ынтымақтастықты дамытуына жол ашатын маңызды алаң екенін атап өтті.