Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының мәліметінше, ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыпталған 37 жастағы ер адам Біріккен Араб Әмірліктерінен Қазақстанға экстрадицияланды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Айыпталушы 2020-2021 жылдары азаматтарға мемлекеттік органдарға жұмысқа орналасуға көмектесемін деп уәде беріп, олардың қаражатын заңсыз иемденген. Жиналған ақшаны алған соң, ол елден қашып кеткен.
Ағымдағы жылдың қаңтарында күдікті Қазақстан ІІМ Интерполының сұрауымен Дубайда ұсталды. БАӘ құзырлы органдары оны экстрадициялау туралы шешім қабылдады. Қазір ұсталған азамат ІІМ ӘТД қызметкерлерінің қамауында.