Иран Сирия аумағына алғаш рет тікелей соққы жасап, Таяу Шығыстағы АҚШ нысандарына жаңа шабуылдар ұйымдастырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Иранның мемлекеттік БАҚ-тарының хабарлауынша, шабуыл Сирияның Хомс провинциясындағы Эт-Танф ауданына бағытталған. Ал Ислам революциясы сақшылар корпусы (КСИР) АҚШ-тың арнайы операциялар күштерінің командалық пунктіне соққы бергенін мәлімдеді. Иран тарапы бұл әрекетін Ираншехр мен Бемпур қалаларында қаза тапқан әскери қызметкерлер үшін жасалған жауап деп түсіндірді.
Алайда Reuters агенттігіне пікір білдірген сириялық әскери дереккөздің айтуынша, зымырандар Эт-Танф маңына түскенімен, АҚШ әскери базасының өзіне тимеген. Оның сөзінше, шабуылдан адам шығыны да, материалдық шығын да болмаған.