Әлемдегі ең бай кәсіпкерлердің бірі Илон Маск байлығын 10 трлн доллрға жеткізуді мақсат етіп отыр. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі жазбасында мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Соңғы деректерге сүйенсек, Масктың жеке капиталы 800 млрд доллардан асып кеткен. Бұл – АҚШ-тың жалпы ішкі өнімінің шамамен 2,7 пайызына тең көрсеткіш. Мұндай деңгей оны тек бүгінгі заманның емес, жалпы экономика тарихындағы ең ықпалды тұлғалардың біріне айналдырып отыр.
Миллиардердің айтуынша, ендігі мақсаты - бұрын-соңды болмаған межеге жету.
"10 трлн доллар немесе ештеңе", – деп жазды ол.