Гуанчжоудан Алматыға келе жатқан ұшақ бортында жолаушы қайтыс болды

Көркем Алдабергенова 12 жел. 2025 11:19

Гуанчжоудан Алматыға келе жатқан ұшақта отырған жолаушы қайтыс болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл ақпаратты көліктегі полиция департаменті растады. Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша Алматы қаласы әуежайындағы Желілік полиция бөлімімен қылмыстық іс қозғалды.

Алдын ала өлім себебі – созылмалы ауру. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданабақ.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Еске салайық, бұған дейін SCAT әуе рейсінде жолаушы көз жұмғаны хабарланған еді. Ақтөбе – Алматы бағытындағы SCAT әуе компаниясының рейсі кезінде бір жолаушының жағдайы күрт нашарлаған. Әуекомпанияның хабарлауынша, оған бірінші болып бортсеріктер көмектескен. Сондай-ақ, ұшақта болған кардиолог-дәрігер де алғашқы көмек көрсетуге қатысып, реанимациялық шаралар жүргізілген.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар