Грант конкурсына құжат қабылдау басталды: магистратураға тапсырғандарға не білу керек?

Грант конкурсына құжат қабылдау басталды: магистратураға тапсырғандарға не білу керек?
ашық дереккөз

Магистратураға грант конкурсына қатысу үшін құжат қабылдау басталды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Құжатты 18 тамызға дейін (қоса алғанда) жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары, соның ішінде виртуалды қабылдау комиссиялары қабылдайды.

58 мыңға жуық адам магистратураға түсу үшін кешенді тест тапсырды. Шекті балл жинағандар грант конкурсына қатыса алады. Магистратурада оқуға арналған білім беру гранты кешенді тест нәтижесі бойынша конкурстық негізде тағайындалады.

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттарды тапсыру қажет:

  • жеке куәліктің көшірмесі,
  • жоғары білімі туралы құжат (диплом және қосымшасы);
  • КТ сертификаты және шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттар (болған жағдайда).

Құжаттарды тапсыру кезінде талапкер білім беру бағдарламаларының бір тобын және үш жоғары оқу орнын көрсете алады. Білім гранты иегерлерінің тізімі 25 тамызға дейін жарияланады.