Головкин атақты Джеки Чанмен кездесіп, шапан жапты

Dalanews 22 ақп. 2026 06:18

Әлемге әйгілі аңыз актер Джеки Чан мен Геннадий Головкин Миланда кездесті, деп хабарлайды Dalanews.kz

Қазақстан мақтанышы Геннадий Головкин танымал актермен әңгімелесіп, құрмет ретінде оған қазақтың ұлттық шапанын жауып, тақия сыйға тартты.

– Біздің дәуірдің аңызы – Джеки Чанмен кездесу, - деп жазды Головкин Instagram-дағы парақшасында.


Айта кетейік, 71 жастағы Джеки Чан 2025 жылдың 22 желтоқсанында Италияның Помпей қаласында өткен Милан-Кортина-д'Ампеццо қысқы Олимпиада ойындарының алау эстафетасына қатысқан. 

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove