Ғылым жолындағы қажырлы еңбектің жемісі

Жарбол Кентұлы 29 мам. 2025 18:29

Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (IAAR) 2014 жылдан бері Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына арналған «ЖОО талап етуінің ұлттық рейтингін» тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бұл рейтингтің басты мақсаты – білім беру бағдарламаларының сапасын бағалау, кадрларды даярлау деңгейін анықтау және жоғары оқу орындарының ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелілігіне сүйене отырып, профессор-оқытушылар құрамының рейтингін жасау.

Жуырда IAAR агенттігі білім беру бағдарламаларын саралау нәтижесінде еліміздің жоғары оқу орындарының «ТОП-50» профессор-оқытушылар құрамының тізімін жариялады. Бұл тізімге еліміздің жетекші ғалымдары енді.

Ғылым жолы – табандылықты, зор зейінді, қажыр-қайратты және мықты миссияны талап ететін жауапты бағыт. Іргелі ғылым жетістіктері бүгінде энергияның жаңа түрлерін өндіруден бастап, табиғат құбылыстарын игеру, адам ағзасының төзімділігін арттыру, өмір сапасын жақсарту сияқты сан алуан бағытта ел дамуына зор үлес қосуда.

Отандық ғылымның кіл мықтыларын анықтаған ұлттық рейтингте Жетісу университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Ермек Әбілтайұлы Бөрібаев алты жыл қатарынан «ТОП-50» үздіктер қатарына еніп, биыл жалпы рейтингте 18-орынға тұрақтады.

Айрықша атап өтер жайт – техникалық және жаратылыстану ғылымдары басым болған үздік ТОП-20-ға Ермек Әбілтайұлы гуманитарлық ғылымдар бағыты бойынша енген санаулы жетекші екі ғалымның бірі!

Бұл – тек жеке жетістік емес, Жетісу университетінің ғылыми әлеуетін айқындайтын маңызды көрсеткіш. Ермек Әбілтайұлының жетістігі оқу орнының беделін арттырып, ұжымның мерейін өсірді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар