Үкім шыққанға дейінгі қамауда отырған мерзімі ескерілгендегі жаза мерзімі 10 жыл 3 айға шықты.
Кеген аудандық сотындағы соңғы сөзінде Серік Күдебаев кінәсін мойындап, айыппұлмен шектелуді сұраған.
Биыл көктемде сот процесі жүріп жатқанда Серік Күдебаевтың елден шығып кетіп, сотқа келмегені мәлім болған. Кейін Күдебаевты Түркиядан ұстап әкелген. Қазақстанның шекара қызметі "Серік Күдебаев Қырғызстанға тау арқылы өтіп кеткен" деген уәж айтқан.
28 сәуірде Серік Күдебаев Қаңтар оқиғасынан кейінгі азаптаулар кезінде қызмет өкілетін асыра пайдаланды деген айыппен 10 жылға сотталып, мемлекеттік наградалары мен полиция генерал-майоры шенінен айырылған.
Тергеу материалдарына қарағанда, Күдебаев Қаңтар оқиғасы кезінде "полиция департаментінің ғимаратын тастап кеткен және азаптауларды ұйымдастырған".