Маңғыстаудағы қайғылы оқиғадан аман қалған Бекет Қуандыққа ағалары жылқы сыйлады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Бекет бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, сый жасаған жақындарына алғыс білдірді.
"Құрмаш аға, Ернұр бауырым, жылқы сыйлағандарыңызға көп рақмет! Ниеттеріңізге Алла разы болсын. Жақсылықтарыңыз өздеріңізге еселеп қайтсын!" – деп жазды ол.
Бекет Қуандық Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде болған қайғылы оқиғадан аман қалған сарбаздардың бірі.